Әбден арып-тозып, құр сүлдесі қалды. ~ Мамам кілең: «Шырағым, күйеуге шықсаң өзіміздің елге шық, ана жақтан тәйт деп бір шығанға қашып кетіп жүрме, саудыраған сүйегімді сүйретіп сенің ізіңнен бара алмаспын», — деуші еді. Апамның да тілегі болып қуанып қалды. Н.Сер. ~ Қарт кәрі сүйегін сүйретіп, аң, құс атып әкеліп, аузыменен жем тасыған қарлығаштай немересін сақтап қалуға бар жанын салған. Қ.Жұм.
