Posted in

САУДЫРАҒАН (САУДЫРАП) ҚҰР СҮЙЕГІ ҚАЛДЫ

Азып-тозды, арып бітті, сүлдесі ғана қалды. ~ Босанған әйелге бесаспап күтім қажет. Ондай күтім жок. Баладан соң шешем бұрынғысынан бетер сансырап, жүдеген үстіне жүдеп кетті. Саудыраған құр ғана сүйегі қалды. Б.Соқ. ~ Сұртайдың төрдің алдында аюдай сұлап сар жамбас боп жатқанына да бес– алты айдың жүзі өтті. Алпамсадай дененің бұ күнде саудырап құр сүйегі қалған. Қаңбақтай. С.См. ~ Сұртайдың төрдің алдында аюдай сұлап сар жамбас боп жатқанына да бес– алты айдың жүзі өтті. Алпамсадай дененің бұ күнде саудырап құр сүйегі қалған. Қаңбақтай. Ш.Айт. ~ Жаз ортасы аумай-ақ күні кеше осы төңіректі әдепкі арылымен-ақ жайқап жүрген аң патшасының саудыраған ақсөңке сүйектері ғана қалмақ. М.Мағ. ~ Ал 1865 жылдың басында ол әкесіне ақтық хатын жолдайды. Онда: "Әбден қажыдым, хал-дәрменім қалмады. Солып-семіп барамын. Саудыраған құр сүйегім ғана қалды. САл 1865 жылдың басында ол әкесіне ақтық хатын жолдайды. Онда: "Әбден қажыдым, хал-дәрменім қалмады. Солып-семіп барамын. Саудыраған құр сүйегім ғана қалды. С.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *