Posted in

САУ СИЫРДЫҢ БОҒЫ (ЖАПАСЫ, ҚИЫ) ЕМЕС

Өзі де (ол да) жетісіп тұрған жоқ, оның да бір шикілігі бар д.м. ~ Пешенеге жазылғанды көрдік, заман солай болды, көппен көрген ұлы той. Өзіміз де сау сиырдың боғы емеспіз. Тек жүрсек, тоқ жүрер ме едік! Бірақ бәрі, көріңді өкіргір, Сталиннің лаңы ғой! Т.Сәук. ~ Біраздан соң жұрт "Әй, өзі де де сау сиырдың боғы емес екен ғой" деп күдіктене бастаған. Т.Сәу. ~ «Екеуі бұрыннан танитын адамдары емес, бірінші рет көріп отыр. Әу баста ондай жерге тоқтауға неге жол берді? Мына әйелдің өзі сау сиырдың боғы емес-ау». Ә.Ыб. ~ Сонда, мына, Қарқын бұрын үйленген жігіт пе? – Ол да сау сиырдың боғы емес. Бұрын әйел, баласы болған. Оларды қытай жаққа тастап соқа басы осында келген. Ж.Шәк. ~ – Мен де сау сиырдың боғы емеспін. Осы бар ғой, тілім жаман менің, түбінен кесіп тастаса да обалы жоқ…- Құшақтары жабысып, бір-біріне арзасын айтып, айрылысар емес. Т.Сәу. ~ Найманқұлдың жүрген жеріне шөп шықпайды! – Хайролла да сау сиырдың жапасы емес. С.См. ~ Келіншектің сенген күйеуі де сау сиырдың қиы емес. Мүлдем басқа өлшемдегі – «көппен бірге көрген ұлы той» деген қатқыл да қасаң ортаның, балалар үйінің бозбасы. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *