Уақыты келді, күні туды. ~ Әліппе оқып “а”, “б” – деп, Түйінін шештім тілімнің. Сәби жүрек лүпілдеп, Сағаты соқты білімнің.
М.Мақ. ~ Бір үйездік өкіметтің не бары елу – алпыстай сақшы – полицейлерін, қылп етіп көрінгенін құлатып, санап атты.
Бірақ, енді ғана басталған, өзіндік тарихында айрықша дабыралы оқиғаның алғашқы өкініш сағаты да соқты!.. Ж.Ахм. ~ Енді тергеушінің күні туды. Сағаты соқты. Кешегі бұны көзіне де ілмейтін сұңқар ақын бүгін, о, жасаған, тәуба, бұның илеуінде
жатты. С.См. ~ Мұндай қолайлы кезенді Цин империясы да құр жібергісі келмеді. Сәт сағаты соқты, Жоңғар хандығын жер бетінен аластап, мүлде құртып жіберетін кез енді келді деп шешкен. Қ.Жұм.
