Әлденеден беті қайтты, мойып қалды; артқан үміті ақталмай, көңілі қалды. ~ Жаңа піскен алмадай, Толып бір тұрған шағыңда, Жастық қызығын көрместей, Неге сынды сағың да? М.Жұмаб. ~ Мұстапа. Бақайды бір күні шақырып алып: – Мұхаммедияға барып келші, – деді. – Бала оқудан қайтты. Жаяу отыр. Ермек тауып бермесек ұстай алмаспыз. Ұялмай мініп жүрейін бір ат берсін. Бәйгі керді не көк айғырды сұрамаймын. Олжа бозды берсе де жарайды.
- Жығылсаң нардан жығыл, демекші, сұраған соң кер мен көктің бірін сұрамайсыз ба?
- Ол екеуін тым қадырлы санайды. Берсе жақсы. Бермесе сағым сынады ғой. Сағым сынғаны белім сынғаны да. Ғ.Мұст. ~ Ағаңның бір нәрседен сағы сынды. Жаратқан сені тәңір өнерлі етіп, Айтпай- ақ білесің ғой мәнісімді?! М.Нетали. * Түн жалмап көз алдында кәрі шыңды, Кім білсін, қанша арыстың сағы сынды!
С.Нұрж. * Киімі жыртық, тамағы аш болмағанымен анасы қайтыс болғаннан бері бір түрлі сағы сынып еркеліктен де, елгезектіктен де алшақтап барады. Е.Мұх. * Сүйтiп жүргенде оқу жылының мерзiмi өтiп те кеттi. Ендi сағы сынған Ранайкiтаптарын сандықтың түбiне атып ұрып, үй шаруасына көмектестi. Б.Алд. * Тұтан далаға коп шықпайтын болып жүр… Келіншегі кетіп қалғалы бері есіл азаматтың сағы сынғандай. Іштен тынатын болуы керек. Көрер көзге онысын білдірмей аңқылдап отырады. Ш.Мұрт.
