Posted in

САҒЫМҒА ОРАНДЫ

Бар-жоғы, шын-өтірігі белгісіз құбылмалы күйге тап болды. ~ Ғашықтық сағымына бой ұрған сұлу жас жігіттің алдынан қашатын басы алтын, арты күміс киіктер қаншалық еді. Н.Сер. ~ Саясат па? Бұл — не өтірік те емес, не шын да емес, сағымға оранған сиқыр нәрсе. Саясаттың түбін саясаткерлердің өзі де түсінбеуі мүмкін. Б.Нұрж. ~ Күн күйіп тұр. Көз алдында кетіп бара жатқан Жанботаның тұлғасы құм төсіндегі буалдыр сағымға оранып, көмескіленіп барады. Айқайлайын десе, тамағы кеуіп, үні шығар емес. Ж.Шәк.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *