Posted in

САҒЫ СЫНДЫ

Әлденеден беті қайтты, мойып қалды; артқан үміті ақталмай, көңілі қалды. ~ Жаңа піскен алмадай, Толып бір тұрған шағыңда, Жастық қызығын көрместей, Неге сынды сағың да?  М.Жұмаб. ~ Мұстапа. Бақайды бір күні шақырып алып: — Мұхаммедияға барып келші, — деді. — Бала оқудан қайтты. Жаяу отыр. Ермек тауып бермесек ұстай алмаспыз. Ұялмай мініп жүрейін бір ат берсін. Бәйгі керді не көк айғырды сұрамаймын. Олжа бозды берсе де жарайды. Жығылсаң нардан жығыл, демекші, сұраған соң кер мен көктің бірін сұрамайсыз ба? Ол екеуін тым қадырлы санайды. Берсе жақсы. Бермесе сағым сынады ғой. Сағым сынғаны белім сынғаны да. Ғ.Мұст. ~ Ағаңның бір нәрседен сағы сынды. Жаратқан сені тәңір өнерлі етіп, Айтпай- ақ білесің ғой мәнісімді?! М.Нетали. * Түн жалмап көз алдында кәрі шыңды, Кім білсін, қанша арыстың сағы сынды! С.Нұрж. * Киімі жыртық, тамағы аш болмағанымен анасы қайтыс болғаннан бері бір түрлі сағы сынып еркеліктен де, елгезектіктен де алшақтап барады.  Е.Мұх. * Сүйтiп жүргенде оқу жылының мерзiмi өтiп те кеттi. Ендi сағы сынған Ранайкiтаптарын сандықтың түбiне атып ұрып, үй шаруасына көмектестi.  Б.Алд. *  Тұтан далаға коп шықпайтын болып жүр… Келіншегі кетіп қалғалы бері есіл азаматтың сағы сынғандай. Іштен тынатын болуы керек. Көрер көзге онысын білдірмей аңқылдап отырады. Ш.Мұрт.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *