Posted in

САҚАЛЫН САУМАЛАДЫ

Сақалын сипай берді. ~ Арқаны кеңге салып, өтірік те болса құла шайды көсіле сілтеген Әбдіжапар қыздың тік сөзінен тосылып не істейміз дегендей Бекетті иығымен қағып еді, ол шіркін ымға да, дымға да түсінбей, аят оқыр молдадай бұйра сақалын саумалап мыңқ етпей отыра берді. Қ.Ысқ. ~ – Сақтық та соғыстың бір түрі, – деді сонан соң сақалын саумалап. – Егер сенсең, мұны анықтауды маған тапсыр. Асықпай-саспай сұрастырып, жазға дейін бір біліп берермін. Б.Нұрж. ~ Осекең сақалын саумалай тарап, түнере отырып қалды… Аққұба жүзі бірде күреңітіп, бірде қуқыл тартты. З.Жек. ~ Сақалын саумалаған қарттар мен қарқарадай кимешектерін күн өпкен әжелер клубтан әкелінген орындықтарға жайғасты. Басқа ірі басты адамдар отындық бөренелерге қатарласып аяқ суытты. Ж.Кем.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *