Жайсыз, үрейлі, қайғылы хабар, гәп. ~ Қарындастарын алмай қойған соң, сүйтпей қайтушы еді… Ал тілеулес ағайынның әзір суық сөзі естілмейді… Өз үйлерің болғанда, би (әкесі) пәлен түс жарып, ештеңе айта қойған жоқ білем. Ж.Айм. ~ Одан бір жұма кейін, жығылғанның үстіне жұдырық деп, Мұқашым өлді. Күндіз-түні жылауда болып есеңгіреп отырғанымызда: енді бұл үйдің еркектері кетті, ылғи ұрғашы үй болып отыра алмайды; дүниесін бөліп аламыз; қатындарды әрқайсымыз қолды-қолымызға аламыз деп, балаларымның бет топырағы жасырылмай жатып, суық сөз жүргізді ғой. М.Әу. ~ «Аттан! Аттан!» — деген көптен күткен суық сөз саңқ-саңқ етіп естіліп қалды. Үйдегі жұрттың бәрі алай-түлей боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде жылқы жақтан да түн тыныштығын қақ жарып шыққан шошынған шулар естіліп жатыр еді. М.Әу. ~ Жау тигенін ауылдағылар енді ғана байқап еді. Бір қатынның қатты шыңғырған даусы — Ойбай, жау! Осы дауыс Достанның ұйқысын шайдай ашты. Астан түнделетіп қайтқан жігіт қатып ұйықтап қалған екен. Суық сөзден жүрегі дір еткен. Ғ.Мұст.

