Posted in

СЫРТТАЙ (СЫРТТАН) ТОН ПІШТІ

Істің мән-жайын анықтамай, анығына көз жеткізбей тұрып, ойша долбар жасады. ~ Атақты байдың тойында жүлдеге түсетін жүйріктер мен палуандарды санасты. Байсал байдың бәйгеге не тігетініне сырттай тон пішті. Ә.Кек. ~ бұл жерде менің жазғандарымды не кітаптан, не журналдағы нұсқасынан бастан-аяқ түгел оқып алмай, елден естігені бойынша, сырттай тон пішіп, беталды лағып сөйлегендерге зығырданым қайнап отырып ызам келгенін, қатты күйінгенімді жасыра алмадым. С.Им. * Менікі бергі жағындағы тілеуқор көңіл. «Егер былай болса қайтер еді» дейтіндей сырттай тон пішу. Шындығында күлкіңіз келеді. Қ.Жиенб. ~ Күй тартып, ән салғанда көрген көз сүйініп, естіген құлақтың құрышы қаныпты. Сондықтан бойжеткен қызы бар қатындар Ыдырысты іштей қалап, сырттай тон пішіп жүреді екен. Ә.Ыб. ~ Бұрын тек сырттай тон пішеді екен. Әбекең жұмыстағы жайбарақаттыққа қатал кісі болып шықты. Б.Тоғ. * Мұндайда айтыс арасында ақ жаулық атаулыдан бір жан қатыстырылмайды. Солардың сыртынан тон пішіп, үкімін айтатын да ерлер. Б.Мом. ~ Біз сырттан тон пішіп отырғанымызбен,екеуі -екі таудың тағысы. Бір дараға бекінген екен, жанынан безген олар Құдайдан да қорықпайды. Алдымен солардың өзінен тіл алу керек! Ж.Шәк. ~ Күн бұрын неге айтып, жоспарды соған орай неге жасатпады? Оған облыс көнді ме: «Пәлен совхоз пәлендей жер жыртады», – деп сырттан тон пішіп, бұйрықгы жібере салған жоқ па?.. З.Шаш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *