Posted in

СЫРТҚЫ ЖҮНІН ДҮРДИТТІ (ҚАМПИТТЫ)

Жауына осалдығын білдірмеу. ~ Бір қарағанда ызаға толы көзімен сұп-суық ызғар шашып тұратын, қандай қиын сәттерде де сыртқы жүнін дүрдитіп сыр бермейтін даланың азулы да айбынды, қайратты да қайсар қасқырын көзге елестететін, өзінің шалт қимыл, шалымды іс-әрекетімен де нағыз көкжал көкбөріні еске түсіретін Ельциннің бойында ұлы державалық астамшылық дарытқан менмендік те, өзінің акыл-қайратына арқа сүйеген сенім де, елінің қуатына табан тіреген серпін де бар еді. С.Дос. ~ «Бөрі арығын білдірмес, сыртына жүнін қампайтар» деген мақалдың мәйегін жете түсінетін бір адам болса, сол өзіммін деп ойлайды Мәзім. Н.Ақ. Кезіндегі діни, қаржылық, ғы-лыми, әдеби-мәдени байла-ныс-тардың қайнаған ордасына ай-нал-ған Түркия бүгіндері ешкімнен сес-кенбейді. Қайта, өзіне тым се-німді. Және бір ұнағаны – сол се-німділігі «бөрі арықтығын біл-дір–мес, сыртына жүнін қампайтар» де-гендей жасанды емес… Ә.Бай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *