Әлдебір жұмыстан басқа ештеңеге уақыты жоқ, қолы тимейді. ~ Ұрлық малдың етіне толған қапты арқалап келе жатқанда қара қатын жолшыбай екі жаққа ұры көзбен жалтақ-жалтақ қарайды. Қап ауыр, мұрнын сіңбіруге де уақыт жоқ. Асығады. М.Әу. ~ – Сіңбіруге уақыт жоқ, Гүлім, – деді, Гүлнармен екеуінің алдындағы қаңылтыр тарелкаға салған күріштің ыстық ботқасын, үлкен темір қасықпен ұртын толтыра асай отырып, – каналды жуырда ашуымыз керек, ол үшін сағасын бекітіп алуымыз керек. С.Мұқ. ~ Өзгелер өз ісін жайғастырсын, олардың уақытын жеп, кесіріңді тигізбе. Олардың да сіңбіруге уақыты жоқ. В.Расп. ~ Бәлкім, басқалай бір қарбалас жұмыстары шығып, сіңбіруге мұршасы болмай жүрген шығар. Еркектің шаруасы деген әйел көңілімен санасып жата ма?! Ж.Сәм. ~ Бірақ Родригестің барлығын былықтыру мен Гвидоның сіңбіруге мұршасы болмай жатқан кезде бос сөзбен жолын бөгеуден басқа қолынан ештеңе келмейтін. Ч.Пав.
