Posted in

СҮЙЕККЕ ТАҢБА САЛДЫ

Арға өшпес дақ түсірді. ~ Кешегі қартабан Тұрсынның шаршы топ алдында тілдеп кеткені өзі емес, тіпті ата аруағын аттап сүйекке таңба салғаны кеудесіне шаншудай қадалды. Б.Тоғ. ~ Бастапқыда оны балалар жылы шыраймен «Мәжнүн» деп атаса, кейін сүйекке таңба салғандай ғып – «Мәнжубасқа» айналдырды. Тегі, құдай осындайдан бек сақтасын! З.Төл. ~ Бірақ шын- жырлап апарған атақты балуанымды қазақ елінің қазағы жықса бір сәрі, өз інімдей болып, ортамда жүрген қазақтың жығып кетуі сүйегіме таңба салғандай болғанын да қалай жасырармын. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *