Атына кір келтірді, абыройына дақ түсті, ұятқа қалды. ~ -Жоқ, бұл болмайды екен. Апандікі дұрыс… Жесірімізді жіберсек, ертең сүйекке таңба түсетінін біліп отыр ол кісі, – деп Демежан енді әлденеге бел байлағандай істі жеделдетіп жіберді. Қ.Жұм. ~ Жөнін, жолын білмей, әлгіден бетпе- бет кезігуден тайсақтап кеткенін әке алдында жайып салса, сүйекке таңба түскені емес пе. С,См. ~ Оқиғаның бұлайша аяқ астынан кілт бұрылуы Төртуыл кісілерін де қатты абыржытып тастаған. Байсеркенің әнеугүннен бері мойындамай, қанша жұртты сарсаңға салып, енді келіп ойламаған жерден омақаса жығылуы сүйекке таңба түсірердей үлкен намыс болып еді. Қ.Жұм. ~ Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. А.Кем.
