Айтылған пікірдің мәніне қарай, сөздің мағынасына сәйкес д.м. ~ – Бір көріскен ағадан мұндай ащы, ауыр сөз естимін деген жоқ едім. Әттең ағаны сыйлайтын әдетім жібермей тұр еркіме, әйтпесе сөзіңіздің орайына түріңіз жаңарғанмен, жүрегіңіздің де әлі ескі екенін жасырмастан айтар едім, – деп еді, Темір сыры белгісіз бір суық күлкімен мырс етіп. Ә.Әб.~ Сөз орайына сәйкес ертедегі қазақ биінің білік парасатын, қара қылды қақ жарған әділдігін, жер мен елдің тұтастығын, ауыл-аймақтың амандығын ойлаған сұңғылалығын танытатын тағы бір нақты мысал келтіре кеткеніміз артық болмас. Б.Дул. ~ Ол өзімен өзі сырласқандай осыны айтты да, жүріп кетті. Бөлекбас бұл сөздің орайына бірдеңе дегісі келіп: «Ол былай ғой, Сәулеш, неткендей», – дей беріп еді. Ә.Әб.
