Айтар ойын мәймөңкелемей, бетке айтты. ~ Сөздің адалы керек,– деді ол,– мен қанды қанмен жуам. Жесіріне жесірін алам. Мен сөздің турасын айтайын. Бітер жерімді айтайын. С.Мұқ. ~ – Сөздің турасын айтсам, – деді Байжанға, партия мен үкімет жүктеген зор міндеттерді тастап саған майданға кетуге болмайды. Оның аты – қиындықтан қашу болды, орысша аты – дезертирлік. С.Мұқ. ~ Қазақ әдебиетінің кафедрасында бұл мәселе талқыға түсті. Студенттер атынан ол мәжіліске Зейнолла Қабдолов екеуміз қатыстық. — Біз Алматыға білім іздеп келдік. Ал мына оқытушының лекциясы бізді қанағаттандыра алмайды, — деп сөздің турасын айттық. Кафедра меңгерушісі Бейсенбай Кенжебаев бізді қостады. С.Шайм.
