Біреудің сөзін қош көрмегенде айтылатын кекесін, "сол да сөз бе екен" д.м. ~ – Ой, сөзіңе болайын!- десіп, Жүндібайды орнынан тұрғысыз қылды жігіттер. Бір уақытта Қартқожаға көзі түсіп кетіп: — Е, мынаны қайда апарасың?деді. Ж.Айм. * Нұрқан. Е, бәсе, Мөржанды айтсайшы! Мен десе аза бойы қаза тұрады. Тәрізі, қорықса керек менен. Не жазған кісі екем осы мен? Білдің бе, жеңеше? Жүзтайлақ (жақтырмай). Сөзіңе болайын! М.Әу. ~ – Бә-ә-ле, неге тартындыңыз? Астыңыздағы қаракөктің жүрісі, тіпті ерен еді ғой. Жарыспағаныңыз бекер болды, – деп өкініш айтты. — Ау-у, сөзіңе болайын, бауырым, – деп қарқылдай күлген Маро. С.Ғабб.
