Posted in

СӨЗІҢЕ ҚҰЛДЫҚ

Біреудің сөзін мақұл көріп, қолдау ретінде айтылады. ~ Сол жақ бүйірде, төменде отырған орнынан: — Уа, Тайлеке! — деп жан кеудесі жұлқынғандай саңқ ете түсіп: — Сөзіңе құлдық -ақ болсын! Мен өзгедей ел басқарып, жұрт шүйлеп жүрген адам емеспін. Бұл сөзіңде жұмысым жоқ – ақ кісі болайын! Ж.Ахм. ~ Осыған екеуміз сенейік, – деді Сейіт «сөзіңе құлдық» дегендей екі қолын көтеріп. – Бірақ сен мынаны білесің бе? Осы идеяны таратушылардың өздері «біздің халық адал, әділ болыпты» дегеннен гөрі, «біздің халық бай, әрі күшті болыпты, басқа елдерді өзіне бағындырыпты» дегенді мақтаныш тұтады. Т.Әбд. ~ Сондықтан сен енді бұдан былай жаман жездеңді қырғыз-қырғыз деп қоңаштай бермей, қазақ-қазақ деп қолпаштай берсеңші! — Сөзіңе құлдық! Сені қолпаштамағанда, кімді қолпаштаймын? Б.Нұрж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *