Posted in

СӨЙЛЕС ҚЫЛДЫ

Үй иесін сыртқа шақырып, жөн айтысты. ~ Жолаушылар сол отаудың сыртына келіп тұра қалды. Есік алдында көрінген бір балалау жігітті шақырып, сөйлес қылды. Ж.Айм. ~ Сусар бөрік басында, Үстіне киіп құлпыдан, Керейұлы Келмембет Сөйлес қылып кідірді, Ауылдың келіп сыртынан. Аяғын жерге жай басып, Манаурап көзін зорға ашып, Әзімбай шықты далаға, Тұрғандай болып ұйқыдан. "Қамбар батыр". ~ «Сіз», «біз» деп сыпайысуына, киіміне, түріне қарап, «алыстан келе жатқан қонақ болар және мына түрімен тегін де кісі болмас» деген оймен, сөзін сыпайы бастап: — Жол болсын, қонағым! – деді бұрыла қарап қойып. — Жол болса әлей болсын!.. Жолдамақ сізден болсын!.. — Таныспадық па, қалай, қонағым!.. — Сөйлес қылмасақ айып бізде. Сөзге шықпасаңыз айып сізде. Сыртта көрісіп, төс тақасып амандаспаған соң, енді жата- жастана таныса береміз де… С.Мұқ. ~ Ер Ғалы елге қарай жүрді дейді, Бір шалқардың ілгіне кірді дейді. Бір еркек жоқ көрінген, бәрі ұрғашы, Бір қараша үй көріп, келді дейді. Келді де қараша үйге сөйлес қылды, Сөйлес қылса, бір жаман кемпір келді. — Кемпір-ау, тірі еркегің еліңде жоқ, Сұраймын, жөніңді айтшы, не елсің? – дейді. М-Ж.Көп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *