Үйреншікті емес, бөгде әрекет, жат мінез туралы. * Жылда біреумен ырың-жырың болғанша, өзіміз бен өзіміздің дөңгеленгеніміз көш артық, – деп табиғатында жоқ көнбіс мінез танытқан. А.Сейд. * Інім, қазақ дүниедегі ең тебіз халықтың бірі, тәртіпке бойсынбау біздің халқымыздың табиғатында жоқ нәрсе. Б.Қыд. * Асқар бешпентін жүре киіп, үйден шықты. Сыртқа ере шыққан Қалаған Асқардың жан–жағына жалтақтай қарап, табиғатында жоқ қимылмен жорғалай басып кетіп бара жатқанын көріп, көкірегі қарс айрылғандай болды. Т.Әбд. * Бұл өмірдің шындығы. Қарасуды қанша қайнатқанмен қойылмайды. Кездейсоқ келгендер кездейсоқ кетеді, өйткені қойылу оның табиғатында жоқ, атала, сұйық күйінде қалады. Б.Қыд.
