Posted in

ТАБАСЫНА ТАСТАДЫ (ҚАЛДЫРДЫ)

Қор қылып, ұятқа қалдырды, абыройдан айырды. ~ Дала боран. – Жел ұлиды, ысқырады, өлімсіреп жылағандай болады. Желмен бірге, мөлдір көзін ыстық жаспен шылап, Айнажан да жылайды. Жандай көрген жалғыз әжесін тоқалдың табасына тастап, ойламаған іске бел буғанына өзін шілтелегісі келеді. Б.Майл. ~ Тыныш жүрсең тиын да көрсетпейді, Көтеріліс жасасаң ақша берет. Соны көріп тілеймін бір құдайдан, Дұшпанның табасына тастама деп. Б.Шойб. ~ Қаптаған Арқадағы қалың елің, Ешкімнің қалдырмайды табасына. Алғыс пен ақ батасын ел береді, Халқымның ардақ тұтқан баласына… Ш.Дәлд. ~ Арақта арғы атаңның кегі кеткендей ішіп едің, ақыры не таптың? Сүйегімізге таңба болпы, «әкелері ішіп жүріп, аязда үсіп өлген» деген ағайын-туыстьың табасына қалдырдың. А.Рақ. ~ О, тоба! «Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар…» Өзімен құрдас Жәніке миығынан күлді. «Жабысың» дегені ғой. Жаман баланың қылығы Жылқайдарды дұшпанның табасына қалдырды. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *