Сылаң қағып, сұлуланды; нәзік қимылдады. ~ Менің сенен сұрағым келеді: қарғамысың, көгершінбісің? Күлшені білесің, қаның қандай ыстық болса, онікі де сондай ыстық. Ол саған жауап та бермей, мойынын да бұрмай кетті ғой; онысы бекер; оны мен білемін, саған сүюге оңай болсын дегені. Бірақ сен тал шыбықтай майысуың керек, әйтпесе сені жел сындырады, сен шаңға, батпаққа батасың. Жыланнан ақыл күткенше желге қайысқан артық. Ж.Айм. ~ Менің еркем кем бе екен! – Жеңгесі бұны айтқанда көктемгі тал шыбықтай майысады. Ж.Нәж. ~ Аралбайдың қоқан- лоқысына Күлжекей қалай көне қалды? Жігіт басымен Қасболаттың өзі жау алдында неге тізе бүкті? Осы бір өткен істің өкінішін ойлағанда Қасболат тал шыбықтай майыса беріп еді. С.Ом. ~ Мына сөз ашық аспанда күн күркірегендей аса жайсыз әсер етті. Есік қапталында тал шыбықтай майысқан Жансаяның жүзін жас жуып кетті. Д.Дос. ~ Қолын бойжеткен алдынан тартып алып, шалқасынан жатқан күйінше оң бүйіріне аунап, тұруға қам жасады. Әсем бұратыла иіліп, жігітті қаусыра құшақтап, түрегеліп, кеудесін тіктеді. Белі жел өтіндегі тал шыбықтай майысады. Д.Дос.
