Назды, епті, нәзік қимылдары көздің жауын алды. ~ Биғанша марқұм мезгілсіз өліп кетті: жасы жиырманың үшеуінде еді. Екі беті алмадай, көзі мөп-мөлдір қара, тал шыбықтай бұралған таңдаулы сұлудың езі еді. Б.Май. ~ Ол сені сағынды, Айғаным осы күні тал шыбықтай бұралып, бота көзі жаудырап, қасы қиылып, қара шашы толқынданып, шолпысын сылдырлатып кіріп- шығып дамыл таппай жүр… М.Дәул. ~ Есік алдында тал шыбықтай бұралып, көзі жалт- жұлт еткен қара торы қыз бала қазан асып жүр. Б.Тоғ. ~ Хансұлу – Әзбергеннің қарындасы. Пахраддиннің маңдайына біткен жалғыз қызы. Тал шыбықтай бұралып бойжетіп қалған бүгінде. С.Елу.
