Аман қалу үшін жанын салып тырмысты. ~ Тіршіліктің сарсаң сергелдеңінен сезім пырағы да шығандай бастаған заманда тек Мұқағали сынды табиғаттай жан тазалығын тал қармап жүріп тағылым етер тау тұлғаларға ғана осылай сүю, осылай сағыну бақыты бұйырмақ. Ал азаматтық, адамгершілік деген ұғымдардың өзінде өрелі ой, биік сезім, жан мөлдірлігінен өрілетін болса керек. Ф.Оңғ. ~ Артық болмаса – әлгі тақуалар жарық дүниеден тістей қатып неғып кеткісі жоқ. Суға кетіп бара жатқан адамға ұқсап тал қармап, өлмеуді ойлап дәрігір жағалап жүгіріп жүргені. Д.Дос. ~ "О кэй!- деп әуеледі капитан.- Америка – техниканың елі. Шофер атаулыны біз төбемізге көтеріп қарсы аламыз". "Жо-жоқ, сіз сәл аялдаңыз, мен әлі де қабырғаммен кеңесейін",- деймін тал қармап. М.Қаб. ~ Мұнысы тал қармаған жанның дәрменсіз қоқан- лоқысы, өзіне айтқан жұбатуы екенін өзі де іштей сезетін. Ә.Асқ.
