Posted in

ТАНАУЫ ЖЕЛПІЛДЕДІ (ЖЕЛПІНДІ)

Елірді, ерекше күйге түсті. ~ – Құлады, құлады! – деді Володя. Көзімен емес мұрнымен көріп тұрғандай, екі танауы желпілдеп кетіпті. Ғ.Мүс. ~ – Абдолла! – деп саңқ ете қалған дауыстан селк ете түсіп, жалт бұрылып төмен қарады. – Тәтем үйде ме? – деп сұраған ер баланың танауы желпілдеп, алқынып тұр. С.Ғабб. ~ Аузың дуалы әйтеу. Секратар да сескенеді сенен. Қанатпен қауыштырғаның абзал болған екен оны. Мақтаған сайын көпсіп, көңілі түлеп тұратын Айдынбай, алшаң басып, еңсесі көтеріліп қалды. Танауы желпініп, тамағындағы күре тамыры білеуленіп, бүлкілдеп тұр. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *