Posted in

ТАС КЕНЕДЕЙ (КЕНЕШЕ) ЖАБЫСТЫ (ЖАРМАСТЫ)

Айрылмай қойды; жібермеді. * – Мына сұлудан айрылма, тас кенедей жабыс, әйтпесе біреу сорыңды қайнатып қағып кетеді, – деді. О.Сәрс. * Көргеннен көз ақы алмай қалатын Сәдір ме, тас кенедей жабысты. Н.Сер. * – Тас кенедей жабысып… Басқа үйіне барайықшы, – деп Досмағанбет орнынан тұрмақ болып еді, шал өре түрегеліп алдын кес-кестеді. Н.Дәут. * Ағайының сөзі құлағына сіңген осы Санжар жас кезінен кітап көрсе тас кенеше жабысады, қағазға шұқшиюын шұқшияды. Д.Досж. * Тіпті айналасындағы балалары улапшулап, Күлжамал анамыз бұрқан-талқан ашуланып (олардың да жас шағы ғой) жатса да Биағаң күліп қойып, шашын сұқ саусағымен бір ширатып тастап, қаламына тас кенедей жармасып, жаза береді екен. Қ.Ерг. ~ Отырғаннан да жүрген жақсы. «Жүрген аяққа жөргем ілінеді». Сарала таңнан сиырдың сауырына тас кенеше жабысып, не таптым. Артымда жылап қалар балам кәне. Неден қаймығып жалтақтаймын. М.Сүн. ~ Бала оқыс, қолындағы үш өрме, жылан бауыр қамшысымен атын тартып кеп жіберді; секектеп, есіріп келе жатқан көк құнан мұны күтпеді ме, құйрығын жымырып, дірдектей түсті де; іле аспанға атылды. Бала бір уыс боп жал құша, тас кенеше жабыса қалды. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *