Posted in

ТАС КЕНЕДЕЙ ҚАДАЛДЫ

Ұстаған жерінен айырылмай, жабысып қалды.~ Аршылған жерге тас кенедей қадалған жылқылар, құр бекерге тоңып, нейбетке тұрғанына өкінгендей болат тұяқтарымен өздері теуіп, үкідей үлпілдеген күреңсені күрт– күрт шайнай бастаған. О.Бөк. ~ Дүниеде мынау алдыңдағы қара май мен ескі қайықтан өзге тіршілік бар ма? — Әй, кемпір– ау, осыныңды кешке ас үстінде айтсаң қайтеді, ә? Қарбаласта тас кенедей қадала қалатының бар сенің,— деп көкем гүр– гүр етті. М.Сүн. ~ Өмірдің ұсақ– түйек теперішін елер ме?! Жоқ. Қиындықты жеңер, теперішке төзер. Өйтпесе, ер болғаны қайсы?! Тарас та ер еді. Күн ұзағына өзіне кенедей қадалып, көз айырмайтын қарау, дөкір командирдің қатаң бақылауында да болды. Ү.Жлк. ~ Ешқандай арпалыс болмайтыны анық еді: нақ тас кенеше қадалып, зәрлі бүйіше аямай шағу керектей сезіндім… Ф.Дос. * – Жә, жатысын, жетті. Тұр енді. – Қап, мынаны-ай. Тас кенедей қадалып көрдің бе. М.Сүнд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *