Ұтқыр сөзбен ойын жеткізе білді, дөп тигізді, тапқырлық танытты. ~ Онымен қатар шыққан ақын, әрі сері Жанақ ақын (1776-1846 жж.) ол тілге орасан шешен, сөзді тауып айтатын білгіш, ескі аңыздарды, эпикалы жырларды жүйрік білген ғажайып жыршы. Ә.Марғ. ~ Шәкәрім қауғадай қалың сақалын тулата, қарқылдап күліп жіберді. Көптен бері рақаттана, еркін күлгені осы. Ой, Әупіш-ай, қалай тауып айтады? Қ.Жұм.
