Posted in

ТАУЫП АЙТЫЛҒАН СӨЗ

Орынды пікір, өткір сөз. ~ Бірақ қиялым көзге түспес, үзілмес шынжырдай ойымды тағы сондағы сезге қайта сүйрей алып келді. Мен енді күбірлей сөйледім. «Алтын құс! Қандай тауып айтылған сөз болды. І.Ес. ~ Бірақ Салауатовтың «басшының бір сөзіне он дәлел керек» дегені — жанды пікір, жақсы, тауып айтылған сөз. К.Қаз. ~ Өлмес сұрастыра келе, Сақтағанға жиен болып шықты. Ал Өлместің: ─Жақсыда жаттық жоқ, шырағым. Қарға тамырлы қазақпыз деп қазбалай береміз. Әйтпесе, осы отырған қай – қайсысың да бір – біріңе бөтен емессіңдер, – дегенін жұрттың бәрі өте орынды, тауып айтылған сөз деп ұйғарысты. Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *