Posted in

ТЕКЕДЕЙ ТІРЕСТІ

Бетпе-бет келген жаулардың қиян-кескі шайқасы хақында. ~ Арыстан. Аңдадым аңысыңды, саудагер мырза! Тас қия тар көпірде кездесіппіз, бір түйін, бір тілекте түйісіппіз. Бірақ текедей тіресудің жөні болмас аңдасаң!.. М.Әу. ~ Бұдан ары екі империяға да ілгері жылжитын бос жер қалмай, текедей тіресіп қалған шағы осы еді. Қ.Жұм. ~ Сол Маншың ұлығы мен консул Балкашин текедей тіресіп қалған Тоқа мен Қойлыбайдың ауылдарына бөлініп түсті де, екеуін екі жаққа көшіріп әкетті. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *