Долдана ашуланды; ызаға булықты. ~ Еңгезердей қара кісі сөз сұрап, осынша тіленді. Сиездіңжарым-жартысы беруді, көпшілігі бермеуді мақұлдап, «алашорда» азаматтары терісіне сыймай бақырып, аяғында қара кісіге сөз берілмеді. Қара кісі қара бұлттай түйіліп, сиезден шығып кетті. Ж.Айм. ~ Б ә к е н (Жақыпқа). Қой дегенім қайда соны? Ж а қ ы п. Құдай ақына, мырза, қылдай қиянатым жоқ. Өзінен өзі терісіне симай тұр екен. Ғ.Мұс. ~ Енді ел-жұртқа не дейміз! — деді Дөржан терісіне сыймай. Дөржан — бұларға екі атадан барып қосылатын ағайын, яғни Бонапарттың немере ағасы боп келеді. Д.Ис. ~ Құп, жолдас капитан. Бірақ сіздің қарныңыз… – Жоғал!– деп ақырды терісіне сыймай кеткен Мұрат. Т.Ахт. Масайрады, масаттанды. ~ Менің қолыммен жазылған сөздер шыққанда мен мас боламын, өз теріме өзімсыймаймын. Ж.Айм. ~ Бұрын түкке жарамай, шиге шанышқан құмалақтай, ағаш кеңірдегі сорайып жүрген Томашке «крестиянски нашалнік» болдың дегенге терісіне сыймай, Шәкенге мақтануға бержебайлатып, қоқиланып келе жатқан мәні сол еді. Ж.Айм.
