Posted in

ТЕРІСІНЕ (ӘЗЕР) ІЛІНІП ЖҮР

Аурудан, аштықтан, тұрмыс қиыншылығынан дімкәс болып, әзер жүрген адам туралы. – Теріме әрең ілініп жүргенімді білесің, – деді, – қызың екеулеріңнің тамақтарыңды істеп, кірлеріңді жуып бергенге жарасам да шүкір. Н.Дәу. * Ал қоғам үшін осылардың қайсысы қымбат? Сүйегі терісіне ілінген аш- арық құқық пен заңды қайтпешкі? Қ.Түм. Терісіне ілініп, әбден көтерем болған жас малда мінез көрсетуге шама жоқ. аспанның ырқына оп- оңай көніп еді. О.Бөк. * Қимылы ширақ, соған қарағанда өзі тым кәрі де емес сияқты. Бірақ сақарға салған сүйектей бет әлпеті көгіс, терісіне ілінген арық. Өзін тірі скелет- қаңқаға ұқсатқан¬дайсың… Ә.Асқ. * … қабағы қатулысы бар, жүзі жайдарысы бар, біреудің жүрісі емпең, ананікі едірең, келесінікі мығым, маңғаз, сенімді. Тізелері қалт-қалт етіп, терісіне әзер ілініп жүргендері де осында. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *