Posted in

ТЕРІС ЖОЛ

Адамды адастыратын, бұзатын бұрыс бағыт. * «Ей, тақсыр, бабай! Мен ұры емеспін. Менің атым — Ұждан! Не айтасың!» «Ұждан-мұжданыңды мен білмеймін, әлдекімсің? Бірақ, түнде жалғыз қыдырған ұрғашы заң бойынша ойнасшы есептеледі». «Астапыралда! Ей, ақсақал! Не дейсің?» «Не десем де, сен заңға теріс жолда жүргенің анық. Рұхсатсыз үйіме кірдің», — деп қоңырауды қағып еді, үйге бірталай қызметші кіріп келгенде, Ту-Ту-Син: «Мына қыздың қол-аяғын бекітіп зынданның ең түбіне тастаңдар!»—деді. Шәкәрім. * Періште-жанның уытты, шыншыл сөздері Түйебай шалды теріс жолға түсіп бара жатқан жерінен шындық арнасына қайта түсірді. Е.Айғ. * Ал сіз сияқты бірлі-жарым мұғалімдер бас-көзіне қарамай небір өнерлі жастарды теріс жолға сап, адастырып отыр. М.Сүнд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *