Posted in

ТИТЫҒЫН ҚҰРТТЫ

Жүйкеге тиді, зықысын кетірді. ~ Суайт мұнан ішерін де білмеді, ішпесін де білмеді. Өзін әрі аштық, әрі сусағандық жетесіне жетіп, титығын құртқан. М.Ж.Көп. ~ — Осы науқасыңа мына тау сырты, салқын жайлау да жайсыз гой. — Атама! Толассыз жауыны, тынымсыз көшуі де титығымды құртты. М.Әу. * Әсіресе, күйдің қайырма бунағы «дөри-дөри-дай, дөри-дөри-дай!» деп, дірілдеп тұрып алғанда, титық құртады. Т.Әл. * Бара-бара бөрідей ұлып, ботадай боздап кетті. Оған жесірдің аңырауы, ананың аһылауы қосылды. Титық құртатын толғау таусылмады. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *