Posted in

ТИТЫҒЫ ҚҰРЫДЫ

Әбден шаршап-шалдықты, әлі кетті, мезі болды. ~ – Көрдің бе, қырсықты… – дегенде, өздеріне мәлім жәйді іле жөнеліп: – Атама, бар демеп пе ем. Бар. Тек амандық берсін, – деп титығы құрыған амалсыздықпен күрсініп алды. М.Әу. ~ Жиырмасыншы жыл. Өкшелеп қуған алғыр жүйріктің тізесіне шыдамай, ақ қасқырдың белі бұраңдап, тілі салақтап, титығы құруға айналған кезі еді. М.Әу. ~ Екі беттегі араздардың кімдер болатыны, отқа кімнің қолы күйетіні де ашылды. Тәкежан аулының белге соққан жыландай боп, әзірше титығы құрып тұрғаны да мәлім. М.Әу: ~ Бірақ Ожар қиын тау. Аяңнан артық жүруге аттың өкпесі қабынады. Титығы тез құриды. Не де болса ұрымтал, төте жолдар тауып, жерді ұта жүруді ойлау керек. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *