Ши шығаруға, ұрынуға себеп іздеді, бостан босқа соқтықты. * Өстіп тиісерге қара таппай, қағынып отырғанда, мұның көктен сұрағаны жерден табыла кетпесі бар ма! О.Сәрс. ~ Оның үстіне ол өте қызғаншақ. Тиісерге қара таппағанда, күйеуіне ұрынып, әрнемені қоқырсытып, бықсытып отыратын әдеті. «Әй, ана Қабылдың кәрі қызына сен қарамасаң, кім қырындайды? Ү.Жәл. ~ Тілазар ұлға тісін қайрап, ашуға мініп, бар қаһарын бойына жиып отырғанда Алдияр сапардан оралған. Тиісерге қара таппай отырған Темір табалдырықтан аттасымен Алдиярға тап берген. Ү.Жәл.
