Әйтеуір бір жөні болар деген дәмемен беталды әрекет жасау туралы. * Елтай тіл қатпады, беті-қолын баптап сүртіп тұра берді. Тісқақты кемпірден — үйдей пәледен үндемей құтылған дұрыс. Екіншіден, бұл кісі сұрағына жауап іздемейді, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп сөйлей береді. М.Қаб. ~ Еңгезердей дене үстелді мыжып- жаншып, ілкі сәттегі қуаныштан көңілі масайрап, домалақ шарға тесіле шұқшиып қол сермеді, бірақ бұл жолы сәтсіз болды, ақ шар басқа шарлармен соғылысып, өмірдегі «тисе терекке, тимесе бұтаққа» көріністің бірі боп қала берді. Қ.Түм. ~ Отанды оқ атпай күзету, анау- мынау соғыстан әлдеқайда қиын. Өйткені жау көзге көрініп тұрған жоқ. Сіздер секілді «уралап», тисе терекке, тимесе бұтаққа деп, теріс қарап, көзді жұмып оқ жаудыра берген жоқпыз… О.Бөк.
