Қорлық көрді, күлі көкке ұшты. * Әбілқайыр, Абылай, Ерәлі, Есім-қазақ сұлтандарының қарақалпаққа көз алартпағаны жоқ екен. Шапқыннан көз ашпады. Тоз-тоз болы, Жаңадария мен Қуандарияға қарай босты. З.Шүк. * … қара түнек жаугершілікті жолда қынадай қырылып, тоз-тозы шыққан қалың елдің ауру-сырқауларын, жас сәбилерімен жасамыс қарияларын арқалап көтеріп жүріп, сонша шырқау қиырларға сапар шегуін дүние халықтарының ешбірі бастан кешіріп көрмесе керек. Ғ.Біл.
