Posted in

ТОҒЫТАТЫН (ТОҒЫТҚАН) ҚОЙДАЙ

Топтасып, ығы-жығы үймелесіп, бірін-бірі итермелеп, бей-берекет топырлау туралы.. Үймелеп, бірін-бірі итермелеп, бей-берекет топырлау туралы. * Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғыршақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдыз тарыларын бір-бірімен қырқып жатыр. Ж.Айм. * Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғыршақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдыз тарыларын бір-бірімен қырқып жатыр. Ж.Айм. ~ – «Азғын елдің түбіне тақсыр жетер» дегендей,- деді ол сөйлескендеріне,- «тақсыр-тақсыр» деп болдық қой. Тоғытқан қойдай соғысқа айдап апарып, кедейдің балаларын оқығандар мен байлар ана жылы бір қырған. С.Мұқ. ~ Әлдеқайдан сүңгіп шыға келген көп қайық тып-тыныш жатқан теңізді шайқап-шайқап жібергендей сезіледі. Жан-жағымыздың бәрі топырлап суға түсіп жатқан жауынгерлер. Тоғытқан қойдай, бастары ғана қылтыңдап, жағаға қарай жүзіп барады. Теңіз беті шұбартып кетіпті… Ғ.Мүс.~ – «Азғын елдің түбіне тақсыр жетер» дегендей,- деді ол сөйлескендеріне,- «тақсыр-тақсыр» деп болдық қой. Тоғытқан қойдай соғысқа айдап апарып, кедейдің балаларын оқығандар мен байлар ана жылы бір қырған. С.Мұқ. ~ Әлдеқайдан сүңгіп шыға келген көп қайық тып-тыныш жатқан теңізді шайқап-шайқап жібергендей сезіледі. Жан-жағымыздың бәрі топырлап суға түсіп жатқан жауынгерлер. Тоғытқан қойдай, бастары ғана қылтыңдап, жағаға қарай жүзіп барады. Теңіз беті шұбартып кетіпті… Ғ.Мүс. .

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *