Posted in

ТОПТАН ТОРАЙ БЕРМЕДІ

Елден ерек өнерпаз, қас шебер, желден жүйрік сәйгүлік, сөзге жүйрік, тілге шебер, сегіз қырлы, бір сырлы адам хақында. ~ Айдасаң алыс жерімді, Алсаң ащы терімді, Өзіне – өзі сенімді, Тоят төс, салпы ерінді, Топтан торай бермейтін Тұлпар аттай қунақпын. Д.Баб. ~ Құрманбай осы бір жерде пайда бақыр таба қоямын дейтін кез томақ жігіт емес- ті. Қайта, әр нәрсенің жөнін білетін, топта торай бермейтін көсілген көсем, суырылған шешен, самыржақ болмағанымен, сөзден ешкімге есесін жібермейтін жігіт еді. Б.Қыд. ~ Егер хан кездейсоқ үстінен түспегенде, топта торай бермейтін саңлақтың бұл бір білегінен күші, сүдінінен түсі, аузынан тісі кеткен шағында қазақтың қай үйінің қазанын шегелеп, қай үйінің жылыжұмсағын жәукемдеп жүргенін білмей, хан төңірегіндегілер тас аяқтай қағысатын еді… Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *