Posted in

ТОПТАН ТОРАЙ ШАЛДЫРМАДЫ

Жауына есе жібермейтін ер мінез жігіт. тілінен бал тамған ділмар шешен туралы. ~ Сіздің семіз болуыңыз халықтың қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын жауға алдырмаймын деп бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанамын, маған не ғылып шыр бітсін,— депті. "Шешендік сөздер". ~ Қалыңсыз қатын құштырып, Алашты «алаш» қылған сабаздарым. «Топтан торай шалдырмасқа, Қазақтың бір тайын кәпірге алдырмасқа Бір түнде тоқсан ойланып, Тоғыз төңкерілетін….» С.Тор. ~ Қуатың бойыңдағы жиналады Алпыс бесте аузыңа тіліңменен. Аталы сөз айта алсаң – ардақтысың, Топтан торай шалдырмай ілімменен. М.Ж. Көп. ~ Сол Жақай ғой. Қонақтардың алдында қыры шығып, өркештеніп отыр еді. Түбі иісі шектінің топтан торай шалдырмайтын шешені өзі болғалы тұр екен. Ағасының сөзін бөліп, алдына түсе беретіні сондықтан сияқты. Сегіз езу тартты. З.Шүк. ~ Топтан торай шалдырмай, жел сөзде алдына қара салдырмай жүрген кәрі тарланның тегеурініне төңірегіндегі ақындардың бірі де шыдамаған соң Тезек жас дарын, жаңа талап Сүйінбайды арнайы алдырады. Бірақ ақын ағаның жасын да, басын да сыйлайтын, үлкеннің бетінен алу тұрсын үстіне баса-көктеп кіріп баруды әбес санайтын қазақы әдеппен ол Түбектің көзіне түспейді. С.Ақт.~ Асабасы – Самарқан деген жас жігіт, ауыл клубының меңгерушісі болып шықты. Бәтшағарың топтан торай шалдырмастың нағыз өзі екен, жіптіктей жұтынып, сөйлеп берген кезде ерні- ерніне жұғар емес… Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *