Posted in

ТОПЫРАҒЫ ЖЕҢІЛ БОЛСЫН!

Жатқан жері жақсы болсын д.м. қайтыс болған адамға айтылады. ~ Басымдағы белгі мәңгі өшпей жер бетінде тұра берсін деу де күпіршілік. Бұрынғылар неге аруақтардың басына құран оқи барғанда «топырағы жеңіл болсын!» деп қабырден бір уыс топырақ алып жерге шашып жатады? Оның мәнісі – аруақтың жатқан жері тегістеліп, арттағы тіршілікке орын берсін деген ишара. Т.Сәу. * Ұлт файдасы үшін жауыздардың қолында құрбан болған азаматымыз Меңдіханов һәм жолдастарының топырағы жеңіл болсын! "Дұрыстық жолы" гәзеті. * Бостандық болғаннан бері қарай тынбастан халыққа қызмет етіп еді. Елге пана болып, қан ішер залымдардан қорғап тұрған Алаштың бір жігіті еді! Алаш үшін шыбын жанын құрбан етті. Топырағы жеңіл болғай. Қайғысына ортақтасып, қалғандарына көркем сабыр бергей деп айтамыз. "Дұрыстық жолы" гәзеті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *