Дүние салғаны көп болмай жатып д.м. * Жарынан айрылған соң жалғыздықты таңдап алған Дархан оның көз алдында барған сайын шоқтықтанып, Кеңгірдің жотасындай биіктеп барады, міне, нағаз еркек деп сол кісіні айту керек; әйелінің топырағы кеппей жатып тілін жалақтатып, қолын уқалап көшеге шығатын жеңілтек жігіттер қаншама жер бетінде… О.Бөк. ~ Мына қорлығы бәрінен де асып түсті. Жар дегенде сүйеу көрер жалғыз немере ағасы былтыр күрт ауруынан қаза болған-ды. Соның топырағы кеппей жатып ойлап тапқан пәлесін көрдің бе. «Оқиын да» деген сөзі үшін екі күн үйге қондырмай, көк ала қойдай етіп сабап қуып шықты. К.Қаз.
