Біреуді артынан даттау, қаралау, жала жабу туралы. ~ Жау жетті де, қамауда Кебек қалды, Әрі-бері қанжарлап соғыс салды.Бірталайын жаралы қылса-дағы, Көпке топырақ шашсын ба, ұстап алды. Шәк. ~ Көрінген менен қашады, Артымнан топырақ шашады, Көмірдей жерге басады, Қалдырған жерде – жетімдік! М.Ж.Көп. ~ Ел алдында өсекке таңып, газетке де жазып масқаралады емес пе? Ауылдастары сыртынан топырақ шашып, жерге түкіргеннен өзге не істемеді? М.Сүн. ~ Көпке топырақ шашам деп арпалысып, қалың жұртыңды қанға бөктіру – әбестік! М. Мағ.
