Моншақтай ғана сығырайған кішкене көз. ~ Әжім басқан үш елі маңдайы сәл қызғылт тартып, аракідік жазыла түседі де, қайта қыртыстана қалады. Жалт еткізіп кішкене торай көзінің бірін ашып, Бақанға қарап қояды. М.Сүн. ~ Кім білсін, естияр кісі дегені бала боп шыққаны қызық көрінді ме, әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады. Ә.Нұрп. ~ – Кідірткені қалай? – Исахметтің үні бұзылып, моншақтай торай көзі терең ұясынан ытқып шығып кетердей болды. М.Сүн. ~ Қарашығы жылтыраған кішкентай торай көзін алдындағы адамға түсірмей, әлдебір жаққа аударып жіберді Ә.Нұрп.
