"Бәрекелді!" д.м.-ғы қошемет сөзі. * Бағанадан амалдары таусылғандай тығырыққа тіреліп отырған жұрт есін қазір жинағандай, енді ғана тыныстарын кеңірек алғандай. – Өй, тусаң ту! Азаматым-ай, сол! – Бұл кім болды екен? – десіп жұрт гулесе жөнелді. К.Сег. * Жан-жақтан, тұс-тұстан «о пәле, аңыратты-ау, тусаң – ту», –деген сықылды желіктірме сөздер жамырай естіліп, Қамбардың арқасын одан әрі қоздыра түсті. О.Бөк. ~ – Шіркін Нұртазадай болыс бұл ғаламда жоқ қой. Тусаң ту. Аузынан жалын атып тұрған жоқ па. Бүкіл керейіңнің атышулы алашұбар шонжарларын бір-ақ күнде мықшитып, кеудесіне шыққан жоқ па. С.Жүн. * Жастар жағы бірін-бірі құшақтап, сүйіп жатса, шалдар жағы: – Өй, азаматым-ай, тусаң ту! Бәсе, «Қалмақты жығар бір ұлдың тумағаны ма?» деп, қатты қиналып едік. Қобықтан келсе де, Еділден келсе де мейлі, әйтеуір қазақ шықты. О.Бөк.
