Сағы сынды, беті қайтты, тауы шағылды, тауаны қайтты. ~ Төріңді алды сары орыс, Таяқтай болып шылымы, Байдың кетті қайыры, Малдың кетті шәйірі, Келіннің кетті әдебі, Ер қалмады дәмелі! Батырдың туы жығылды, Ел шұңқырға тығылды, Атқа мінер адам жоқ, Ақ пейіл, адал пиғылды. Дулат Баб. Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай… Жақсы өліпсің, япырмай. Абай. ~ Сонда әлгіндей даудамайдың бәрінен қалыс қалған Жәдік тұқымының жұлдызы жанып шыға келмегенде кімнің жұлдызы жанады? Оларға да әуел бастан керегі сол. Әбілқайырдың туының жығылғаны. Ол дегендеріне жетсе, олар бәріне де әзір. Ә.Кек. ~ Елеместен азғырынды сыбырды, Елеместен жындысүрей дүбірді, Олар іштей бір-біріне жүгірді, Пенделіктің ала туы жығылды. Қайта бастау керек енді ғұмырды… А. Елг. Жеңілді, тізе бүкті, аяққа жығылды. ~ Абылай туы жығылды Қабырғаң, қазақ, сығылды. Үріккен қойдай біріңе Бірің келіп тығылды… Дулат Баб. ~ Мынау бір кезде дүрілдеп шыққан Қобландының әруағы мен айбыны қайтып, туы жығылды. Жығылмай… парторг оны емес бұны комсомол жетекшісіне ұйғарды ғой. С.См. ~ Ақтардың туы жығылды, Сібірге қарай сығылды… И.Байз.
