Замандас, құрпылас, үзеңгілес; сап болып қатарға тізілген. * Жұрт мені «жазушы» деп ден қойып алса керек: өзімнен төмендер қолымды қатты қысатын болды, жоғарғылар қауіптенетін болды, тырна қатар жазушылар күндеп жамандайтын болды. Ж.Айм. * Ендігі мақсат – аяқ астында қалмай, тырбанып тырна қатар ретке кіру, дүниежүзінен жоғалып кетпес қамын қылу. Ж.Айм. * Сәйгүлік мыңнан озған, өңкей саңлақ, Қырғындап қайтар жерге жетті шаңдап. Айдаушы тырна қатар тегіс тізіп, Қайтуға ыңғайланды айдалған ат. І.Жанс. * Демек, құмақтардың сол кездегі белді-белді түркі тайпаларымен үзеңгілес, тырна қатар ел болғандығының бұл да бір жанама көрінісі секілді. БАҚ (Ғыл. министр ғылым акад. хабаршысы, 1997)
