Өктемдік жасады; қиянат қылды; сес көрсетті. * Дүрбеуіл жақтағы біреудің Сейітке тән біреуде ақысы бар деп, мелитсе жіберіп бір сиырын қудырып алған. Сейіт баласын жіберсе де, сиырды қайырмаған. Содан былай Әбеннің Сейітке тізе көрсетуі көбейген. Ж.Айм. * Есеней жолдастарына қарады:— «Не істеу керек?» — Артықбай батырға тізе көрсеткендей болып келгеніміздің өзі қандай айып! Қызының атын айыпқа алып қалғанымыз екінші айып. Ғ.Мүс. * Есеней оны Артықбай батырға байқамай тізе көрсетіп қалғандығының өкініші болар деп жорып еді, бірақ іші оған сенер емес. «Өзіңді өзің алдама, Есеней, аярланба!»—деп тұр. Ғ.Мүс. * — Бұл — "оңшылдық пен солшылдық". Бұл — әкімшілік қолданғандық. Бұл — асыра сілтеушілік. Бұл — жеке шаруаға тізе көрсеткендік! Б.Майл. * Сол баяғыда шешіліп қойған, «айдан айқын» деген сөздің барлығына мына жігіт басқаша қарайды. Дау айтады. Айтқанда, тауып айтып, тізе көрсетіп тоқыратып кетеді. М.Әу.
