Бір-біріне жақын, қатар, тізе түйістіре отыру, жүру. ~ Қадиша жеңгейдің барлық көмейін көрсете қарқылдағаны; пелшер атынан айырылып, атты мен қуып, шоқанақтағы қалың қарға омбылап ат-матыммен жығылғаным, үсті-басым қар боп, аунап түрегелгенде Күләннің күліп, қашқан атты қайырмалап ұстағаны, қайтарда екеуміз тізе қағысып келе жатып сөйлескеніміз. Ж.Айм. ~ Қасындағылары тізе қағысып Иманға орталарынан орын ұсынып еді, қарт қасқая түсіп міз баққан жоқ. Текеш Иманға орын ұсынғандармен бәсекелескісі келгендей қалбаң етіп өз жанынан орын ұсынып еді, Иман отырғандардың бәріне де ізет көрсетіп басын бір изеді де Текештің оң тізесін баса сылқ етіп отыра кетті. Ә.Әб. ~ Ал сенің әкең жуас, көп сөйлемейтін, былайша айтқанда қой аузынан шөп алмас адам болғанмен, ақылсыз адам емес-ті. Мұны өз басым жақсы білем. Талай бәйге жиында одан жас та болсам, тізе қағысып отырғанмын. С.Бақ. ~ Ол ол ма, "Алжасқан бала" бұныңмен сол жерде тізе қағыстыра отырып партияға кіретін өтінішін де жазды. Осының бәрі Аланастың қолдауымен болып жатқанын бұл білді. С.Ел. ~ Сонау қаралы түнде Құсотан өзенінің бойындағы Шера – Мәудөн қыстағыңда серттесіп басталған кедір – бұдыры, ауытқу – бұрылуы болса да ілгері қарай сұғына тартып, қайқаңдай өрлеп бара жатқан ағалы- інілі екеудің тізе қағыстыра салған қасқа жолы енді екі айрылған еді. С.См.
